XIV ғасыр. Моңғол империясы құлдырап, Ұлы Жібек жолы бейберекет күйге түседі, бір кездері гүлденген қалалар қирап, күлге айналған. Соғыста шыңдалған Тимур Барлас туған жеріне оралады. Ол Үндістаннан Парсыға дейінгі қалалар мен империяларды тітіреткен жаулаушы болуды армандай қоймайды. Ол дәл осы сәтте өзіне ең қымбат дүниелер үшін күреседі: отбасының абыройы, махаббат, балаларының болашағы және оны өз көшбасшысы деп білетін адамдардың тағдыры.
«Тамерлан бейнесін жасау — бұл үлкен құштарлықпен және өте жоғары дәлдікпен атқарылған жұмыс туралы оқиға. Фильмде тек қана қызықты шайқас сахналары емес, сонымен қатар күрделі әрі шиеленіскен саяси интригалар да көрсетіледі. Әрбір кадр арнайы ойластырылып, ең ұсақ бөлшектеріне дейін мән берілген. Мұның бәрі көрермен сол заманға еніп кеткендей әсер алу үшін жасалған, яғни Темір дәуірінің атмосферасын толық сезіндіру мақсат етілген.
Жоба барысында біздің команда өзбек тарихшыларымен тығыз жұмыс істеді. Сол арқылы Орталық Азияның бұрынғы ұлылығы мен мәдениетін барынша шынайы түрде көрсетуге ерекше көңіл бөлінді. Түсірілім кезінде қолданылған декорациялар шынайы тарихи ортаға жақын етіп жасалған. Кейіпкерлердің костюмдері де сол кезеңге сай дәлдікпен дайындалған. Сонымен қатар, операторлық жұмыс та ерекше деңгейде орындалып, көріністерді әсерлі әрі ауқымды етіп көрсетуге көмектеседі.
Осының барлығы бірігіп, ұлы қолбасшының империясының рухын, күшін және кеңдігін көрерменге анық жеткізеді», — деп фильм авторлары өз туындысын сипаттайды.
Жалпы фильм өте жоғарғы масштапты деңгейде түсірілген. Қазақстан, АҚШ, Өзбекстан елдері бірігіп жасаған туынды. Әрине мұндағы ерекшелік тарихты дұрыс жеткізе алуында.
Түсірілім жұмысы өте күрделі болған. Соғыс сахналары шынайы шыққан. Жаңбырмен түсірілген көріністер, каскадерлік қойылымдар, бірнеше дубльдер фильмнің сапасын арттырған. Декорациялар мен костюмдер де тарихи кезеңді дәл жеткізеді.
Операторлық жұмыс кейіпкердің ішкі күйін жақсы көрсетеді. Жақын кадрлар эмоцияны береді, ал алыстан түсірілген кадрлар жалғыздықты сездіреді.
Фильм «Темірлан» тарихи оқиға ғана емес, адам тағдыры туралы терең шығарма. Ол көрерменді ойлануға мәжбүр етеді. Фильмнің негізгі идеясы адамның күші мен әлсіздігін қатар көрсету.
Қорытындылай келе, бұл фильм үлкен әсер қалдырады және ұзақ уақыт есте қалады.


